06 ақпаннан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010857 (EABRb44) облигациялары Т+ Тізіміне енгізілді

02.02.24 17:24
/KACC, 02.02.24/ – KASE Клирингілік орталығы (KACC) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 06 ақпанынан бастап жартылай қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелерге жіберілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00010857 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb44) дисконттық облигациялары енгізілетін болады. Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2024-02-02]