"Самұрық-Энерго" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

02.02.24 09:12
/KASE, 02.02.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2024 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 8 602 187 дана; - компанияның 6 311 967 жай акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ болып табылады, оның меншігінде 6 281 242 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,51 %) бар. [2024-02-02]