"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ кадрлық тағайындаулар туралы хабарлайды

01.02.24 15:02
/KASE, 01.02.24/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге 2024 жылғы 01 ақпандағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма Төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов 2024 жылдың 30 қаңтарынан бастап қызметінен кетті. Сондай-ақ, ол "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігінің директоры лауазымындағы жұмысын да аяқтады. ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ұзақ жылғы қажырлы еңбегі мен компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Д.Хасановқа алғыс білдірді. Д.Хасанов ҚМГ-да түрлі басшылық қызметтер атқарды. ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары ретінде мұнай барлау және өндіру блогына жетекшілік етті. Нұрсейіт Союнов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, сондай-ақ оған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігі директорының міндеттері қоса жүктелді. Бұған дейін Н.Союнов "Қаражанбасмұнай" АҚ Бас директоры қызметін атқарған. Әр жылдары "Өзенмұнайгаз" АҚ, "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ, "Өзенмұнайсервис" ЖШС, "Урал Ойл энд Газ" ЖШС мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған. Еңбек жолын 2001 жылы "Өзенмұнайгаз" АҚ оператор болып бастаған. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_010224_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_010224.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_010224_en.pdf – ағылшын тілінде. [2024-02-01]