01 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00010304 (BTRKb9) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

31.01.24 14:59
/KASE, 31.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 01 ақпанынан бастап "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) KZ2C00010304 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb9; 1 000 теңге 190,0 млрд теңге; 26.01.24-26.01.39; жылдық купон, жылдық 13,00%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/BTRKb9/ [2024-01-31]