01 наурызда "Кристалл Менеджмент" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

30.01.24 16:42
/KASE, 30.01.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы) 2024 жылдың 01 наурызында сырттай дауыс беру арқылы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетінін, оның ішінде қоғамның Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы мәселе күн тәртібіне енгізілгенін KASE-ге хабарлады. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CRMG/crmg_special_shareholders_meeting_info_0 10324_.PDF [2024-01-30]