2024 жылдың 29 қаңтарында AST 14:00-ден 2024 жылдың 08 ақпанында AST 12:00-ге дейін Қазақстан қор биржасында "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (AIRA) жай акцияларының жария ұсынысы өткізіледі

30.01.24 09:00
/KASE, 30.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) хабарлайды: 2024 жылдың 29 қаңтарда Астана қ. уақыты бойынша сағат 14:00-ден бастап (AST) KASE сауда-саттық жүйесінде "Эйр Астана" АҚ-ның (бұдан әрі - Эмитент) KZ1C00004050 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, AIRA) жай акцияларының жария ұсыныс жүргізіледі. Өтінімдерді қабылдау жария ұсыныс шеңберінде өткізілетін болады: - 2024 жылдың 29 қаңтарында – AST 14:00-ден 18:00-гое дейін; - 2024 жылдың 30 қаңтарында – 07 ақпанында, жұмыс күндері AST 9:00-ден 18:00-ге дейін; - 2024 жылдың 08 ақпанында – AST 9:00-ден 12:00-ге дейін. KASE-те көрсетілген акциялардың жария ұсынысын өткізу кезінде Сатушы ретінде "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Жергілікті үйлестіруші және бірлескен букраннер – "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ. Жетекші менеджер – Freedom Finance Global PLC. Бірлескен менеджерлер - "BCC Invest" АҚ - "Банк ЦентрКредит" АҚ, "First Heartland Jusan Invest" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ еншілес ұйымы. Орналастыруға ұсынылатын акциялардың саны шамамен 141 миллион дана. Эмитенттің жай акциялары бойынша болжамды баға диапазоны бір жай акция ("Акция") үшін 2,13 доллардан 2,75 долларға дейін белгіленген. Акцияға ұсыныстың соңғы бағасы көрсетілген баға диапазонында болады. KASE-де акцияларды сатып алуға инвесторлардың өтінімдері теңгемен берілуі тиіс. Мынадай ақпарат тек ақпараттық мақсаттар үшін ғана келтіріледі: акциялар бойынша шамамен алынған баға диапазоны бір акция үшін 2,13 АҚШ долларынан 2,75 АҚШ долларына дейін, осы хабарландыру күні қолданыста болатын Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми айырбас бағамы бойынша есептелген, бір акция үшін 956 теңгеден 1 237 теңгеге дейінгі диапазонға баламалы. Акцияларды жария ұсынумен бір мезгілде Эмитент және оның акционерлері базалық активі London Stock Exchange and Astana International Exchange листингі бар акциялар болып табылатын жаһандық депозитарлық қолхаттарды ("ЖДҚ") ұсынады. Бір ЖДҚ базалық активі 4 (төрт) акция болады. Акцияның түпкілікті бағасы теңгемен белгіленеді және акциялардың түпкілікті бағасын анықтау күнінің алдындағы күні қолданыста болатын Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгеге айырбасталған, 4 (төрт)-ке бөлінген ЖДҚ үшін ұсыныстың түпкілікті бағасына тең болады. Ашық ұсыныс кезінде бағалы қағаздың коды – AIRA. Бір өтінімге акциялардың ең аз саны – 1 акция. Сатып алушылар үшін берілген өтінімдердегі акциялардың максималды санына шектеулер жария ұсыныс жүргізу шарттарымен белгіленбеген. Бір тұлғадан берілетін өтінімдер саны шектелмейді. Қамтамасыз етудің жеткіліктілігін тексеру – 2024 жылдың 06 ақпаны, 17:00- де AST. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға ұсыну күні – 2024 жылдың 08 ақпаны. Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға ұсынатын күні – 2024 жылдың 09-10 ақпаны. Мәмілелер жасалатын күн мен уақыт – 2024 жылдың 14 ақпаны, AST 10:00-ден бастап. Есеп айырысу күні мен уақыты – 2024 жылдың 14 ақпаны, AST 15:30. Есептесулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Осы жария ұсынысты жүргізу шарттарына сәйкес эмитентке ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) Жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН; 3) заңнамаға сәйкес заңды тұлғаны заңды тұлға ретінде тіркеу жүзеге асырылған жеке тұлғаның азаматтығы немесе мемлекет; 4) жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның мекен-жайы; 5) өз өтінімін немесе клиенттік өтінімін беретін брокердің / Биржа мүшесінің атауы; 6) инвестор түрі – жеке немесе заңды тұлға. Өтінімдерді қанағаттандыру (толық немесе жартылай) эмитенттің және "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры"АҚ-ның дербес қалауы бойынша жүзеге асырылады. Эмитент пен "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ кез келген өтінімді (толық немесе жартылай) қанағаттандырудан өз қалауы бойынша бас тартуға сөзсіз құқылы. Акцияларды сатып алуға өтінімдерді бөлшек инвесторлар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын институционалдық инвесторлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент -инвесторлары (Қазақстан Республикасының бейрезидент-бөлшек және заңды тұлғалары, оның ішінде институционалдық) беруге құқылы. KASE мүшелері омнибус немесе шетелдік кастодиандық шоттардан өтінімдер жіберген жағдайда, бұл өтінімдерді KASE үшін белгіленген форматта инвесторлар туралы ақпарат ашылған, атап айтқанда, веб- модуль арқылы Эмитенттің талаптарына сәйкес дербес деректер ашылған жағдайда ғана KASE қабылдайды (сауда-саттыққа қатысушыларға сілтеме KASE арқылы беріледі). Бұл ретте KASE мүшелері веб-модуль арқылы KASE үшін ашылатын мәліметтердің/дербес деректердің дұрыстығына жауапты болады және бұл ақпарат эмитентке, Жергілікті үйлестірушіге және бірлескен букраннерге, жетекші менеджерге және бірлескен менеджерлерге де ашылатынына келіседі. Осыған байланысты омнибус немесе шетелдік кастодиандық шоттардан өтінім беретін KASE мүшелеріне өтінімді қабылдау алдында немесе қабылдау процесінде өз клиенттерінен дербес деректерді ашуға тиісті келісімдер алу қажет. Қосымша, KASE мүшелері кез келген уақытта ұсынылған дербес деректердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қадағалау субъектілері болып табылатынын еске саламыз. Жария ұсынысқа қатысу үшін өтінімдер биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің толық тізімі мына сілтеме бойынша жарияланған http://kase.kz/ru/membership. Биржаның сауда-клирингілік жүйесінде сегрегацияланған жаңа шот ашу депоненттің Орталық бағалы қағаздар депозитарийінде дербес шоты ашылғаннан кейінгі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Тиісінше, акцияларды жария ұсынымға қатысу үшін бағалы қағаздардың Орталық депозитарийіндегі жаңа дербес шотты өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашу қажет. Бағалы қағаздардың жария ұсынысын жүргізу ережелері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/rules_public_offering.pdf Аталған акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/shares/show/AIRA/ [2024-01-30]