"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Қазақстан қор биржасында 190 млрд теңге көлемінде облигациялар орналастырды

29.01.24 11:09
/KASE, 29.01.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2024 жылдың 26 қаңтарындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы 2024 жылғы 26 қаңтарда "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі ("BBB", "Baa2") айналыс мерзімі 15 жыл болатын 190 млрд теңге көлемінде теңгелік облигацияларды Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда алаңында орналастырды. Холдингтің облигациялары нарықтағы инвесторлардың кең ауқымына ұсынылды, сауда-саттық қорытындылары бойынша сұраныс 109%-ды құрады. Орташа өлшенген нарықтық кірістілік жылдық 13% деңгейінде анықталды, сауда-саттыққа 10 инвестор қатысты. Нарықтық мөлшерлемелердің байқалатын және болжанатын төмендеуі жағдайында Холдингтің облигацияларға орналастырылуы инвесторларға рейтингі ел деңгейінде қауіпсіз құралға инвестициялардың сапасын сақтай отырып, ұзақ мерзімді кезеңге кірістілікті бекітуге мүмкіндік берді. Өз кезегінде, бұл қаражат тарту Холдингке жолаушылар және жүк вагондарының ескірген паркін жаңарту үшін инвестицияларды қажет ететін көлік инфрақұрылымындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру көзін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің қазақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқасы орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_relizs_260124.pdf [2024-01-29]