Бүгін Қазақстан қор биржасында "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00010338 (IDFRb5) облигацияларына жазылым жүргізіледі

26.01.24 09:12
/KASE, 26.01.24/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Алматы) KZ2C00010338 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, IDFRb5) облигацияларына жазылу арқылы оларды бастапқы орналастыру жүргізіледі. Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы – "Halyk Finance" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. -------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00010338 KASE сауда-саттық коды: IDFRb5 Номиналды құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, теңге: - тіркелген: 190 000 000 000 - орналастырылған (номинал бойынша): – Айналымның басталу күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты өткізу күні Айналымның соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады Айналым мерзімі: 15 жыл (5 400 күн) Купондық ставка: жылдық 13,15 % Купондарды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Купондарды төлеудің басталу күндері: кейінірек анықталады Уақыттық база: 30 / 360 --------------------------------------- ---------------------------- Жазылым өткізу күні: 26.01.24 Орналастырудың номиналды көлемі, 190 000 000 000 теңге: Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді Өтінімнің минималды көлемі: 1 000 теңге Өтінімдерді қабылдау уақыты: 14:00–14:30 Өтінімдерді растау уақыты: 26.01.24, 16:30 Мәмілелердің жасалатын күні мен уақыты: 26.01.24, 16:30 Есеп айырысуды жүзеге асыру күні мен 14:00–14:30 уақыты: -------------------------------------------------------------------- Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды Сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат тізбесіне мынадай мәліметтер кіреді: 1)жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы; 2)жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер Биржаға тек "қор" санатындағы KASE мүшелері арқылы беріледі. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-ресурсында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/kz/bonds/show/IDFRb5 сілтемесі бойынша жарияланған. [2024-01-26]