KASE Листингілік комиссиясы "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00010841 (KAFIpp4) және KZ2C00010908 (KAFIpp5) облигацияларын "Жеке орналастыру"алаңына KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

25.01.24 16:27
/KASE, 25.01.24/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясы 2024 жылдың 25 қаңтарында "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) келесі облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады: - KZ2C00010841 (1 000 теңге; 15,0 млрд теңге; 4 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда- саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады;30/360); - KZ2C00010908 (1 000 теңге; 10,0 млрд теңге; 4 жыл; жарты жылдық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360). Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға сәйкесінше KAFIpp4 және KAFIpp5 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілген. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2024-01-25]