01 ақпанда "Алтын Сапа АLМ" ЖШС KZ2P00009962 (ALSPb1) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы өтеді

18.01.24 16:58
/KASE, 18.01.24/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алтын Сапа АLМ" ЖШС (Алматы) KASE-ге 2024 жылдың 01 ақпанында KZ2P00009962 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, ALSPb1) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлады, оның күн тәртібіне аталған облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе енгізілді. Жиналыс өткізу туралы ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/ALSP/alsp_information_010224.pdf [2024-01-18]