17 қаңтардан бастап Еуразиялық даму банкі облигацияларының бес шығарылымы KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізіледі

17.01.24 15:46
/KASE, 17.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 17 қаңтарынан бастап KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына Еуразиялық даму банкінің келесі дисконттық облигациялары енгізілетін болады: 1) KZ2D00010857 (EABRb44; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 161 күн; actual/365); 2) KZ2D00010865 (EABRb45; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 175 күн; actual/365); 3) KZ2D00010873 (EABRb46; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 175 күн; actual/365); 4) KZ2D00010881 (EABRb47; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 364 күн; actual/365); 5) KZ2D00010899 (EABRb48; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 364 күн; actual/365). Көрсетілген облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат https://kase.kz/kz/issuers/EABR/ сілтемесі бойынша жарияланады. [2024-01-17]