"Каспий" тауар биржасы" АҚ Директорлар кеңесі 500 000 KZ1P00013585 (EXCSp) артықшылықты акциясын орналастыру туралы шешім қабылдады

09.01.24 12:43
/KASE, 09.01.24/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Каспий "тауар биржасы" АҚ (Астана) Директорлар кеңесінің бір акция үшін 2 216 теңге бағасы бойынша жарияланған акциялар саны шегінде 500 000 артықшылықты акцияны орналастыру туралы 2024 жылдың 08 қаңтарындағы шешімі туралы KASE-ге хабарлады, орналастыру тәсілі – ұйымдастырылмаған қағаздар нарығында, акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын сақтай отырып, жазылым жүргізу арқылы орналастыру. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/EXCS/excs_info_reshenie_sd_080124_5.pdf [2024-01-09]