09 қаңтардан бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Еуразиялық банк" АҚ KZ2C00002475 (EUBNb13) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

09.01.24 12:00
/KASE, 09.01.24/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2024 жылдың 09 қаңтарынан бастап "Еуразиялық банк" АҚ-ның kz2c00002475 (EUBNb13) облигацияларын негізгі алаңының (KASE_BM* сериясы) корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімінен олардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты (09 қаңтар – өтеу кезінде тізілімді тіркеу күні) алып тастады. 2024 жылдың 09 қаңтарынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 58 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – корпоративтік облигациялар бойынша жинақталған сыйақыны есепке алмағанда олардың бағалары бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін баға индексі. Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2024-01-09]