Бүгін Қазақстан қор биржасында "Қазақстандық Тұрғын үй компаниясы" АҚ-ның 1,2 млрд KZ2C00006401 (KZIKb31) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда- саттық өтеді

08.01.24 09:10
/KASE, 08.01.24/ Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде"Қазақстандық Тұрғын үй компаниясы" АҚ (Алматы) KZ2C00006401 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb31) облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттык өткізіледі. ---------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздардың түрі: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00006401 KASE сауда-саттық коды: KZIKb31 Номиналды құны, теңге: 1,00 Шығарылым көлемі, теңге: – тіркелген: 3 000 000 000 – орналастырылған (номиналы бойынша): – Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы жүзеге асқан сауда-саттықты өткізу күні Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады Айналыс мерзімі: 30 жыл (10 800 күн) Купон мөлшерлемесі: жылдық 0,1 % Купонды төлеу мерзімділігі: айналыс мерзімінің соңында 1 рет Купондарды төлеудің басталу күндері: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------ --------------------------------- Сауда-саттық күні: 08.01.24 Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге: 1 153 661 973 Лот мөлшері, дана: 1 Сауда-саттық мәні: "таза" баға Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:00 Кесім уақыты: 13:00 (Т+0) Төлеу күні және уақыты: 08.01.24, 13:00 Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең немесе одан төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына қарай шектелімді бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ ---------------------------------------------------------------------------- Баға ретінде өтінімде бағалы қағаздың номиналды құнының пайызымен үтірден кейінгі төртінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген облигациялардың "таза" бағасы (жинақталған мүддені есепке алмағанда) көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған мүддені ескере отырып) туындысы көрсетілуі тиіс. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелер сомаларын есептеу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес есептеледі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/kz/membership Сауда-клирингтік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы ереже мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS+.pdf Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/bonds/show/KZIKb31/ [2024-01-08]