KASE Листингілік комиссиясы "ID Collect (АйДи Коллект)" коллекторлық агенттігі" ЖШС KZ2P00010325 (IDCOpp3) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады

29.12.23 12:31
/KASE, 29.12.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 29 желтоқсанында "ID Collect (АйДи Коллект)" коллекторлық агенттігі" ЖШС (Алматы) KZ2P00010325 (20,0 млн теңге, 1,0 млрд теңге, 2 жыл; ай сайынғы купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға IDCOpp3 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады. [2023-12-29]