04 қаңтардан бастап "Қазақстан Халық Банкі" АҚ KZ2C00002855 (HSBKb18) облигациялары Т+ тізіміне енгізіледі

28.12.23 16:24
/KACC, 28.12.23/ – "KASE клиринг орталығы" АҚ (KACC) Басқармасының шешімімен 2024 жылдың 04 қаңтарынан бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге жіберілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) "Қазақстан Халық Банкі" АҚ KZ2C00002855 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар"санаты, HSBKb18) облигациялары енгізілетін болады. Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т + қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/CCK_instruments_T+.pdf [2023-12-28]