28 желтоқсаннан бастап Global X Robotics & Artificial Intelligence ETF бағалы қағаздары ETF US37954Y7159 (BOTZ_KZ) KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізілді

28.12.23 10:41
/KASE, 28.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 28 желтоқсанынан бастап Global X Robotics & Artificial Intelligence ETF US37954Y7159 (сауда коды – BOTZ_KZ) ETF бағалы қағаздары KASE ресми тізімінің "KASE Global" секторына енгізілді. Аталған бағалы қағаздарға рұқсаттама бастамашысы "Halyk Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ (Алматы) болып табылады. KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Көрсетілген бағалы қағаздар туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/mifs/show/BOTZ_KZ/ [2023-12-28]