"ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

27.12.23 15:20
/KASE, 27.12.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) тізімінде тұрған "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) жалғыз акционердің 2023 жылдың 21 желтоқсанындағы шешімімен Н.Е. Әлімұхамбетов Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланғанын KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "ҚазАгроҚаржы" АҚ Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Айдапкелов Н.С., Прашев А.Г., Оразбаев Р.С., Көшкімбаев Н.Ж., Сапулатов К.К., Әлімұхамбетов Н.Е. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KAFI/kafi_board_changes_211223_4019.PDF [2023-12-27]