29 қаңтарда "Ай Қараауыл" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

26.12.23 16:24
/KASE, 26.12.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Ай Қараауыл" АҚ (Алматы) KASE-ге 2024 жылдың 29 қаңтарында сағат 10:00-де келесі күн тәртібімен оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын хабарлады: - қоғамның 2024-2027 жылдарға арналған даму стратегиясын және 2024 жылға арналған бюджетті қарау және қаржыландыру көзін айқындау; - 2023 жылға арналған қаржылық есептілікке аудит жүргізу үшін аудиторлық компанияны айқындау; - қоғам акционерлерінің келісімін бекіту. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/AKRL/akrl_special_shareholders_meeting_info_290124_121.pdf [2023-12-26]