"Kaspi Bank" АҚ акционерлері 2022 жылға жай және артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

22.12.23 10:01
/KASE, 22.12.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 21 желтоқсанында өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша бір акцияға 2 300 теңге мөлшерінде 2022 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады. Дивидендтер төлеудің басталу күні – 2023 жылдың 21 желтоқсаны. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_special_shareholders_meeting_results_211223_145.pdf [2023-12-22]