/KASE, 20.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: KASE сауда-
саттық жүйесінде 2023 жылдың 22 желтоқсанында "РЕСПУБЛИКА" ҚАРЖЫ
ХОЛДИНГІ" АҚ (Алматы) KZ1C00015171 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар"
санаты, FHRP) облигацияларын төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты)
кері сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
----------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздардың түрі: жай акциялар
ISIN: KZ1C00015171
KASE сауда-саттық коды: FHRP
Номиналды құны, теңге 10 691,67
Акциялардың жалпы саны, дана:
- жарияланған: 3 000 000
- орналастырылған: 1 550 000
------------------------------------------ ---------------------------------
Сауда-саттық күні: 22.12.23
Өтеуге дейін мерзімі: 49 000
Лот мөлшері, дана: 1
Сауда-саттық мәні: акция бағасы
Сатып алуға өтінім түрі: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–12:00
Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–12:00
Кесім уақыты: 12:30 (Т+0)
Төлеу күні және уақыты: 22.12.23, 12:30
Өтінімдерді кесу әдісі: бағалары кесімдеу бағасынан
жоғары өтінімдер кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру
тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді оларды беру қарсылама өтінімдерді қабылдау
кезектілігіне қарай қанағаттандыру тәсілі: уақыты бойынша
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы: "Сентрас Секьюритиз" АҚ
----------------------------------------------------------------------------
Баға ретінде өтінімде теңгемен көрсетілген бір акцияның құны үтірден кейінгі
екінші таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілуі тиіс.
Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде дана акциялардың саны
көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе
еселенген болуы тиіс.
Өтінім көлемі теңгемен көрсетілген акциялардың бағасы мен санының
үтірден кейінгі екінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген көбейтіндісіне
тең болуы тиіс.
Мәміле көлемі теңгемен көрсетілген акциялар бағасы мен санының үтірден
кейінгі екінші белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген көбейтіндісіне тең болуы тиіс.
Есептеулерді "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оның
қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ шотында өзі сатып
алған бағалы қағаздарға ақы төлеуге ақшаның кестеде көрсетілген төлем
уақытына болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдерді тек KASE қор нарығының мүшелері
ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш
бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің тізімі мына сілтеме бойынша
жарияланды
https://kase.kz/kz/membership
Аталған акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме
бойынша жарияланды
http://kase.kz/ru/shares/show/FHRP/
[2023-12-20]