Еуразиялық даму банкінің KZX000001003 (EABRe3) халықаралық облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

20.12.23 09:14
/KASE, 20.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZX000001003 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRe3; $100,0 млн; 20.12.21 – 20.12.23; жылдық купон, жылдық 1,50%; actual/actual) халықаралық облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімнен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2021 жылдың 28 желтоқсанынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2021 жылдың 29 желтоқсанынан бастап ашылған. [2023-12-20]