/KASE, 19.12.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Алтыналмас" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 28 желтоқсанына
тағайындалған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн
тәртібін толықтыру туралы KASE-ге хабарлады.
Толықтыруларды ескере отырып акционерлердің кезектен тыс жалпы
жиналысының күн тәртібі мынадай мәселелерді қамтиды:
- акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
- қоғамның жасауға мүдделілігі бар ірі мәмілелер жасасуы туралы;
- қоғамның жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы;
- қоғамның ірі мәміле жасасуы туралы.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_meeting_281223_3020.pdf
Жиналысты өткізу туралы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_special_shareholders_meeting_info_281223_.pdf
[2023-12-19]