15 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында ProShares Bitcoin Strategy ETF US74347G4405 (BITO_KZ) акцияларымен сауда-саттық ашылады

14.12.23 15:18
/KASE, 14.12.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2023 жылдың 15 желтоқсанынан бастап US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin strategy ETF (АҚШ) акцияларымен KASE-де сауда-саттық ашылады. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген акциялардың баға белгілеу дәлдігі АҚШ долларымен көрсетілген акция бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген. Аталған акциялар туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды https://kase.kz/ru/issuers/PSHT_KZ/ [2023-12-14]