"РЕСПУБЛИКА" ҚАРЖЫ ХОЛДИНГІ" АҚ KZ1C00015171 (FHRP) жай акциялары баламалы алаңның "акциялар" секторында KASE-де листинг процедурасынан өтті

12.12.23 10:03
/KASE, 12.12.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 11 желтоқсанында "РЕСПУБЛИКА" ҚАРЖЫ ХОЛДИНГІ" АҚ (Алматы) KZ1C00015171 жай акцияларын KASE ресми тізімінің "акциялар" секторына енгізу туралы шешім қабылдады. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2023 жылдың 06 қыркүйегіндегі жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "РЕСПУБЛИКА" ҚАРЖЫ ХОЛДИНГІ" АҚ акцияларының шығарылымы 3 000 000 жай акцияға бөлінген. Бір акцияның номиналды құны 10 691,67 теңге. Аталған акцияларға FHRp қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. "РЕСПУБЛИКА" ҚАРЖЫ ХОЛДИНГІ" АҚ қызметінің негізгі түрі – инвестициялық қызмет. Аталған акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-ресурсында жарияланатын болады. [2023-12-12]