/KASE, 11.12.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың
11 желтоқсанындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
2023 жылдың 11 айында Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспорты 3 млн
62 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда
1 млн 14 мың тоннаға немесе 50%-ға артық.
Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің артуы
Баку портына қарай жөнелтілетін шикізат көлемінің 205 мың тоннадан
1 миллион 238 мың тоннаға дейін ұлғаюымен байланысты, бұл 2022 жылдың
сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 есе көп. Сонымен қатар, есепті кезеңде
Ақтау портынан Махачкала портына қарай 1 млн 824 мың тонна мұнай
жөнелтілді.
2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды.
Осы тапсырмаға сәйкес "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының
SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан "Баку-Тбилиси-Джейхан"
мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды
көздейтін келісім жасады.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_111223_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_111223.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_111223_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-11-29]