"ТехноЛизинг" ЖШС KZ2P00006299 (THLZb1) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

27.11.23 09:21
/KASE, 27.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2023 жылдың 27 қарашасынан бастап "ТехноЛизинг" ЖШС (Астана) KZ2P00006299 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, THLZb1; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 26.11.19 – 26.11.23; жартыжылдық купон, жылдық 14,00%; 30/360) облигациялары айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталды. Аталған облигациялар 2019 жылдың 12 қарашасынан бастап баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2019 жылдың 28 қарашасынан бастап ашылды. [2023-11-27]