/KASE, 23.11.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ
(Астана), KASE-ге жалғыз акционерінің 2023 жылдың 16 қарашасындағы шешімдері
туралы хабарлады.
Жалғыз акционер, төмендегі шешімдерді қабылдады:
- 71 375 000 жай акция шығару арқылы Компанияның жарияланған акцияларының
санын арттыру;
- жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттік тіркелгеннен кейін жалпы
сомасы 71 375 000 000 теңгеге бір акция үшін 1 000 теңге орналастыру
бағасы бойынша компанияның 71 375 000 дана акциялары орналастырылсын.
Аталмыш ақпарат –
https://kase.kz/files/emitters/PRKR/prkr_decision_sole_161123_1357.pdf
[2023-11-23]