"ҚазАгроҚаржы" АҚ өзінің KZ2C00003747 (KAFIb7) облигацияларының өтелгені туралы хабарлады

16.11.23 15:17
/KASE, 16.11.23/ – "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2023 жылдың 13 қарашасында өзінің KZ2C00003747 (KAFIb7) облигацияларының өтелгендігі туралы хабарлады, оның шеңберінде көрсетілген облигациялар бойынша 10-шы купондық сыйақы төленді. Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 12 720 000 000,00 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш (облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 12 000 000 000,00 теңге, 10- шы купондық сыйақы– 720 000 000,00 теңге. [2023-11-16]