/KASE, 16.11.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың
16 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады:
дәйексөздің басы
2023 жылғы қаңтар-қазан айларында Ақтау портынан экспортқа жөнелтілетін
қазақстандық мұнайдың көлемі 2 млн 800 мың тоннаны құрады, бұл өткен
жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 981 мың тоннаға немесе 54%-ға артық.
Атап айтқанда, Ақтау портынан Баку портына қарай мұнай тасымалдау
көлемі 964 мың тоннаға артып, 1 миллион 123 мың тоннаны құрады. Ақтау
портынан Махачкала портына 1 млн 676 мың тонна қазақстандық мұнай
жөнелтілді, бұл 2022 жылдың 10 айындағы осы кезеңмен салыстырғанда
17 мың тоннаға артық.
2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды
тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзербайжан
Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан
"Баку-Тбилиси-Джейхан" мұнай құбыры бағыты бойынша жылына
1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_161123_1_kz.pdf – қазақ
тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_161123.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_161123_1_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-11-16]