"ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00003747 (KAFIb7) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

08.11.23 09:22
/KASE, 08.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 08 қарашасынан бастап "ҚазАгроҚаржы" (Астана) KZ2C00003747 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KAFIb7; 1 000 теңге, 12,0 млрд теңге; 08.11.18 – 08.11.23; жартыжылдық купон, жылдық 12,00 %; 30/360) айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар 2016 жылдың 18 қарашасынан бастап "квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыштық бағалы қағаздары" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2018 жылдың 12 қарашасынан бастап ашылды. [2023-11-08]