07 қарашадан бастап KASE "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00003747 (KAFIb7) облигацияларының айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен алып тастады

07.11.23 11:00
/KASE, 07.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылғы 07 қарашадан бастап негізгі алаңының (KASE_BM* сериясы) корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімінен "ҚазАгроҚаржы" АҚ -ның KZ2C00003747 (KAFIb7) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (07 қараша – өтеу кезінде тізілімді тіркеу күні). 2023 жылдың 07 қарашасынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 57 атаудағы облигациялардан тұратын болады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – корпоративтік облигациялардың олар бойынша жинақталған сыйақыны есепке алмағанда ("таза" бағалар бойынша) олардың бағалары бойынша есептелетін баға индексі. Көрсетілген индикаторды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2023-11-07]