/KASE, 06.11.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2023 жылдың 03 қарашасында "Бәйтерек"
Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана) KZ2C00010304 (BTRKb9; 1 000
теңге, 250,0 млрд теңге; 15 жыл; жылдық купон, жылдық 12,00%; 30/360)
облигациялары негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2023 жылдың 06 қарашасынан бастап
күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына
сілтеме бойынша жарияланды
https://kase.kz/ru/bonds/show/BTRKb9/
[2023-11-06]