2023 жылдың 02 қарашасында Қазақстан қор биржасында AST 18:00-де "KEGOC" АҚ KZ1C00000959 (KEGC) жай акцияларын жария ұсынымы шеңберінде өтінімдерді қабылдау кезеңі аяқталды

03.11.23 15:43
/KASE, 03.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2023 жылдың 02 қарашасында Астана қ. уақыты бойынша сағат 18:00-де (AST) KASE сауда-саттық жүйесінде "KEGOC" АҚ (Астана)KZ1C00000959 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KEGC) жай акцияларын жария ұсыну шеңберінде бөлшек және институционалдық инвесторлардан өтінімдерді қабылдау кезеңі аяқталғанын хабарлайды. KASE-де көрсетілген акциялардың жария ұсынымын өткізу кезінде "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (бұдан әрі – Сатушы) сатушы ретінде әрекет етті. Бірлескен үйлестірушілер мен букраннерлер: "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ, "Фридом Финанс" АҚ, "SkyBridge Invest" АҚ. Бірлескен букраннерлер: "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ, "First Heartland Jusan Invest" АҚ. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін Сатушыға ұсыну күні – 2023 жылдың 03 қарашасы. Сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін Биржаға ұсыну күні – 2023 жылдың 07 немесе 08 қарашасы. Мәмілелер жасалатын күні мен уақыты – 2023 жылдың 09 қарашасы, AST 16:45. Есеп айырысу күні мен уақыты – 2023 жылдың 09 қарашасы, AST 17:30-дан бастап. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Бағалы қағаздардың жария ұсынымын жүргізу ережелері KASE интернет- ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/rules_public_offering.pdf Аталған акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/shares/show/KEGC/ [2023-11-03]