03 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында Occidental Petroleum Corp. US6745991058 (OXY_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.

03.11.23 10:29
/KASE, 03.11.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 03 қарашасынан бастап олармен жасалған репо операциялары бойынша KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 08 желтоқсанына және одан кейінгі күндерге келетін Occidental Petroleum Corp. (АҚШ) US6745991058 ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" KASE ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 08 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 11 желтоқсаннан бастап қайта басталады. [2023-11-03]