"ForteBank" АҚ Moody's Investors Service агенттігі банктің рейтингін растағаны туралы хабарлады, болжам "Позитивті"

02.11.23 14:21
/KASE, 02.11.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 02 қарашасындағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы Moody’s Investors Service халықаралық агенттігі ForteBank-тің "Ва2" деңгейіндегі рейтингін растап, рейтинг бойынша болжамды "Тұрақты"-дан "Жағымды"-ға өзгертті. Forte рейтингі Банктің жоғары капитализациясына, өтімділігіне және рентабельділігіне байланысты расталып отыр. Moody's агенттігі тәуекелдерінің теңгерімділігін және негізгі көрсеткіштер бойынша Forte-нің мықты позициясын атап өтуде. Болжамның "Жағымды"-ға өзгеруі - Банк басқармасының Қазақстанның қаржы нарығындағы ахуалдың жақсаруы аясында активтердің сапасын жақсартуда елеулі прогресті қамтамасыз ете білу және табыстылықты арттыру қабілетін көрсетеді. Қазақстандық экономиканың өсуі, инфляция деңгейінің төмендеуі және Банктың нарықтағы мықты бәсекелестік позициясы – Банкке жоғары тәуекелдерді қабылдаусыз дамуға іргетас болып отыр, деп санайды Агенттік. дәйексөздің соңы Баспасөз релизінің қазақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқасы орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_021123.pdf [2023-11-02]