"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 2023 жылдың тоғыз айындағы өндірістік нәтижелерін хабарлады

27.10.23 17:47
/KASE, 27.10.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге жолдаған 2023 жылдың 27 қазандағы баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2023 жылдың тоғыз айындағы арналған өндірістік нәтижелерін жариялайды. 2022 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2023 жылдың тоғыз айындағы басты өндірістік көрсеткіштер: - Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 9,0%-ға өсіп, 17 508 мың тоннаға жетті; - Мұнай тасымалдау көлемі 7,8%-ға артып, 59 371 мың тонна болды; - Қазақстандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын (КСШ) өңдеу көлемі 14 896 мың тоннамен салыстырғанда 14 901 мың тоннаны құрады. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_information_271023_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_271023.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_information_271023_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-10-27]