АҚ "Bereke Bank" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
27.10.23 11:16
/KASE, 27.10.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, АҚ "Bereke Bank" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 1 000 000 000 дана;
- банктің 12 839 114 жай акциялары орналастырылған;
- банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып
табылады.
[2023-10-27]