"ҚазТрансОйл" АҚ еншілес компаниясы "Астрахань–Маңғышлақ"магистральдық су құбырын жаңарту шеңберінде гидравликалық сынақты бастады

26.10.23 18:26
/KASE, 26.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге төмендегі мәліметтер берілген 2023 жылдың 26 қазанындағы баспасөз мәлімдемесін ұсынды: дәйексөздің басталуы "Астрахань – Маңғышлақ" магистральдық су құбырын реконструкциялау және кеңейту, 1-кезең" жобасының шеңберінде "Магистральдық Суағызғысы» ЖШС (қатысу үлесі 100% "ҚазТрансОйл" АҚ-на тиесілі) құбырдың екі учаскесі- ұзындығы шамамен 176 км: 56-207 км учаскесі (Ақкөл – Аққыстау е.м.) және 648-667 км учаскесін (Бейнеу е.м. айналма жолы) салып жатыр. Ұзындығы 177 шақырымның 165 шақырымын құрайтын трассада дәнекерлеу-монтаждау жұмыстары аяқталды. Гидравликалық сынақтар 56-109 км және 109-159,7 км учаскелерінде сәтті аяқталды. 159,7-207 шақырым учаскесінде гидравликалық сынаққа дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жобаны жүзеге асыру "Астрахань – Маңғышлақ" магистральдық су құбырының өткізу қабілетін 2024 жылы тәулігіне 110 мыңнан 170 мың текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Еділ суының үздіксіз таралуына Атырау облысындағы "Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағында орналасқан мұнай-газ өндіру және өнеркәсіптік кәсіпорындардың, мұнай-химия өндірісі жобаларының жұмысы мен дамуы тәуелді болып отыр. Сонымен қатар, "Астрахань – Маңғышлақ" магистральдық су құбыры - Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының, сондай-ақ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының тұтынушыларын сумен жабдықтаудың жалғыз орталықтандырылған көзі болып табылады. Жыл сайын халықтың су тұтынуы 4-5 пайызға артып келеді. дәйексөздің аяқталуы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы келесі сілтемелер бойынша орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_261023_kz_1.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_261023_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kcel_relizs_261023_en_1.pdf – ағылшын тілінде. [2023-10-26]