"Phystech II" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

26.10.23 17:36
/KASE, 26.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Phystech II" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 18 500 000 дана; - компанияның 99 100 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға К.С.Боранбаев болып табылады. [2023-10-26]