"ҚазТрансОйл" АҚ Қашаған кен орнынан "Атырау-Самара" құбыры арқылы ай сайын кемінде 80 мың тонна көлемінде мұнай экспортын жүзеге асырады

24.10.23 18:28
/KASE, 24.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылдың 24 қазанындағы баспасөз релизін ұсынды. Хабарламада келесі мәліметтер берілген: дәйексөздің басталуы 2023 жылдың қазанынан бастап 2024 жылдың сәуіріне дейін "ҚазТрансОйл" АҚ Қашаған кен орнынан мұнайды айын кем дегенде 80 мың тонна көлемінде "ӨзенАтырау-Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау-Самара" учаскесі арқылы, одан әрі "Транснефть" ЖАҚ жүйесі арқылы, кейіннен Қара теңізге (Новороссийск порты, Шесхарис терминалы) жөнелтеді. Бұл шара күзгі-қысқы кезеңде "Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау-Самара" учаскесінде мұнай айдаудың барынша техникалық мүмкіндігін сақтау мақсатында жүргізілуде. Шикізатты жөнелтушілер: "Аджип Каспиан СИ Б.В.", "ЭксонМобил Казахстан Инк.", "Инпекс Норт Каспиан СИ ЛТД", "КННК Казахстан Б.В.", "ТотальЭнерджиз ЭП Казахстан", ЧКОО "КМГ Кашаган Б.В." и "Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.". Еске салайық, 2023 жылдың наурыз айында "ҚазТрансОйл" АҚ сынақ түрінде Қашаған кен орнынан 6,9 мың тонна мұнайды Ақтау порты арқылы одан әрі Баку портына экспортқа тиеп жіберді. Мұнай жөнелтуші "Инпекс Норт Каспиан СИ ЛТД". дәйексөздің аяқталуы Баспасөз релизінің толық нұсқасы келесі сілметелер бойынша жарияланған: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_241023_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_241023.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_241023_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-10-24]