"Кристалл Менеджмент" АҚ Қызылорда облысында көмірсутектерді өндіруге келісімшарт жасасты

23.10.23 11:20
/KASE, 23.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы, бұдан әрі дәйексөзде – Қоғам) "2023 жылдың 18 қазанында Қызылорда облысындағы Қаракөл кен орнының өндіру учаскесінің аумағында көмірсутектерді өндіруге Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (Құзыретті орган) мен Қоғам (Жер қойнауын пайдаланушы) арасында Келісімшарт ... жасалғаны туралы" KASE-ге хабарлады. Ақпарат келесі сілтемеде орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CRMG/crmg_contracts_minerals_181023_.pdf [2023-10-23]