АҚ "Матен Петролеум" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

23.10.23 11:16
/KASE, 23.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "Матен Петролеум" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 150 000 000 дана; - компанияның 80 000 000 жай акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға SINO-SCIENCE NETHERLANDS ENERGY GROUP B.V. болып табылады, оның меншігінде 78 335 612 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 97,92 %) бар. [2023-10-23]