АҚ "Қазхром" трансұлттық компаниясы" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

20.10.23 14:38
/KASE, 20.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "Қазхром" трансұлттық компаниясы" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 142 949 700 дана, артықшылықты акциялар саны – 15 120 000 дана; - компанияның 99 953 939 жай акциялары және 9 896 772 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компания өзінің 493 жай акциясын және 3 428 артықшылықты акциясын кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға KCR INTERNATIONAL B.V. болып табылады, оның меншігінде 109 130 168 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,34 %) соның ішінде компанияның 99 940 708 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,99 %) және 9 189 460 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 92,85 %) бар. [2023-10-20]