/KASE, 19.10.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана)
жалғыз акционердің 2023 жылдың 11 қазанындағы шешімімен Н.С. Байбазаров
холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланғанын KASE-ге
хабарлады.
Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы
холдингі" АҚ Директорлар кеңесі 10 адамнан тұрады: Смайылов А.А.,
Иргалиев А.А., Скляр Р.В., Жамаубаев Е.К., Қуантыров А.С.,
Шарлапаев К.Б., Байбазаров Н.С., Дэниель А. Витт, Мэри-Элен Берар,
Манфред Грундке.
Осы ақпарат оранластырылды –
https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_board_changes_111023_4106.pdf
[2023-10-19]