"Шұбаркөл Көмір" АҚ 2022 жылға KZ1P00000137 (SHUKp) артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төледі

19.10.23 11:36
/KASE, 19.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шұбаркөл Көмір" АҚ (Қарағанды) 2023 жылдың 05 шілдесінен бастап 13 қазанына дейін KZ1P00000137 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, SHUKp) артықшылықты акциялары бойынша 2022 жылға бір акцияға 50,00 теңге мөлшерінде жалпы сомасы 781 042,50 теңгеге дивидендтер төленгені туралы KASE-ге хабарлады. Компанияның ақпаратына сәйкес "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ-на дивидендтер төлеу үшін 1 182 812,50 теңге аударылды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SHUK/shuk_dividends_131023_3907.pdf [2023-10-19]