"ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың тоғыз айындағы өндірістік қорытындыларын хабарлады

13.10.23 12:42
/KASE, 13.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған 2023 жылдың 13 қазанындағы баспасөз мәлімдемеінде былай деп хабарланады: дәйексөздің басы "ҚазТрансОйл" АҚ 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өндірістік қорытындыларын шығарды. Есепті кезеңде "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары және жеке жүйесі бойынша 32 млн 416 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2022 жылғы 9 айдағы көрсеткіштен 2 млн 414 мың тоннаға артық. "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды тасымалдау көлемі 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 428 мың тоннаға азайып, 13 млн 099 мың тоннаны құрады. - "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС 4 млн 296 мың тонна мұнай; - "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС - 4 млн 136 мың тонна мұнай; - "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС - 3 млн 962 мың тонна мұнай; - "CASPI BITUM" БК" ЖШС-705 мың тонна мұнай жеткізілді. дәйексөздің соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нқұсқасы жарияланды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_131023_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_131023.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_131023_en.pdf – ағылшын тілінде. [2023-10-13]