"Phystech II" АҚ акционерлері қоғамның жай акцияларының 100 %-н мемлекетке беру туралы шешім қабылдады

12.10.23 14:26
/KASE, 12.10.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Phystech II" АҚ (Ақтау) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының 2023 жылдың 04 қазанындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, жалпы бағалау құны 35 417 122 000 теңгені құрайтын қоғамның 13 749 100 жай акциясын (қоғамның жай дауыс беретін акцияларының 100 %) мемлекет пайдасына (мемлекеттік органдардың балансына) өз еркімен және өтеусіз беру туралы шешім қабылдады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/PHYS/phys_special_shareholders_meeting_results_041023_637.pdf [2023-10-12]