KASE-дегі жазылыс шеңберінде "Phystech II" АҚ-ның бір акция 1 000,00 теңгеден 13,7 миллион KZ1C00001148 (PHYS) жай акциясы орналастырылды

03.10.23 15:29
/KASE, 03.10.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Phystech II" АҚ (Ақтау қ.) KZ1C00001148 (KASE баламалы нарығы, "акциялар" секторы, PHYS) жай акцияларының оларға жазылыс арқылы бастапқы орналастырылуы жүзеге асырылды. "SkyBridge Invest" АҚ осы акцияларға жазылыс жүзеге асырылу кезінде сатушы ретінде әрекет етті. Орналастыруға 13 650 000 акция ұсынылды. Жазылыс аясында шектеулі өтінімдер ғана қабылданды. Жазылыс аясында өтінімдер 2023 жылдың 3 қазанында Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден 10:30-ға дейін қабылданды. Сауда-саттық жүйесіне барлығы 13 650 000 акцияны сатып алуға бір өтінім берілді (ұсыныстан 100,0%), ол өтінімдерді жинау аяқталған сәтте белсенді деп танылды. Берілген өтінімдегі акция бағасы 1 000,00 теңге құрады. Белсенді өтінім бойынша жалпы сұраныс 13 650 000 000,0 теңге құрады. Жазылыс нәтижесінде бір акцияның бағасы 1 000,00 теңге 13 650 000 акция сатып алуға өтінім қанағаттандырылды. Орналастырудың жалпы көлемі 13 650 000 000,0 теңге құрады. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша көрсетілген акцияларға жазылыс нәтижелері бойынша мәміле осы ақпаратты жариялау уақытында есептелді, жазылыс аяқталды. [2023-10-03]