"Kaspi Bank" АҚ акционерлері 2022 жылға жай және артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

21.09.23 18:03
/KASE, 21.09.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 21 қыркүйегінде өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE хабарлады. Акционерлер, оның ішінде 2023 жылдың 21 қыркүйегінен бастап банктің жай және артықшылықты акциялары бойынша бір акцияға 3 000 теңге мөлшерінде 2022 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_special_shareholders_meeting_results_210923_161.pdf [2023-09-21]